Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлік полицейлері интернет-алаяқтар желісін жойды

Астанада көлік полицейлері интернет-алаяқтар желісін жойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменттерінің үйлестіруімен Астана қаласында ұялы байланыспен заңсыз қитұрқы әрекет жасауға қатысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.

Тінту барысында күдіктілерден республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін пайдаланылған виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған 2 SIM-box құрылғысы, қазақстандық мобильді операторлардың 2 мыңнан астам SIM-карта, ноутбуктер, роутерлер, пайдаланушылардың нақты орналасқан жерін жасыруға мүмкіндік беретін маршрутизаторлар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша көліктегі полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру