Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлік полицейлері жолаушының жоғалған сөмкесін тауып берді

Астанада көлік полицейлері жолаушының жоғалған сөмкесін тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жолаушыға жоғалтқан жеке заттары мен ақшалай қаражатын жедел түрде қайтарып беруге көмектесті. 19 қаңтарда Қостанай қаласының тұрғыны Костяк Татьяна Владимировна Қостанай – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызымен жолға шыққан.

Астана станциясына келгеннен кейін ол вагоннан түсіп, біраз уақыт өткен соң абайсызда жеке құжаттары, шетелдік паспорты, Тайланд еліне туристік жолдамалары, сондай-ақ 1700 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражаты бар сөмкесін пойызда қалдырып кеткенін аңғарған. Сол сәтте пойыз әрі қарай жолын жалғастырып кеткен, ал аталған жолаушы сол күні кешке шетелге ұшып кетуді жоспарлаған.

Осыған байланысты жолаушы полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы тарапынан дереу жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Нәтижесінде сөмке аталған жолаушылар пойызында ілесіп жүру жасағында қызмет атқарған патрульдік полиция қызметкерлері Айбек Аманжолов пен Шерхан Нұрмаш тарапынан табылды.
Сөмкенің ішіндегі барлық заттар мен ақшалай қаражат заңды иесіне толық көлемде қайтарылды.

Татьяна Владимировна көлік полицейлеріне кәсібилігі мен  қиын жағдайда жедел көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.

Көлік полицейлері әуе және теміржол көлігі нысандарында адамдардың күн сайын көп жиналатынын еске салады. Жеке заттарды жоғалту мен ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жолаушыларға заттарын қараусыз қалдырмау, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде полиция қызметкерлеріне уақтылы жүгіну керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру