Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көліктен ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау арқылы ұсталды

Астанада көліктен ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау арқылы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада автокөліктен ұялы телефон ұрланған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Оқиға Сарыарқа ауданында орын алған. Жәбірленуші көлігін тұраққа қойып, алдыңғы орындықта ұялы телефонын қалдырған. Алайда артқы есікті жаппай, абайсыздық танытқан. Сол сәтте көлікті бақылаған күдікті айналасына көз жүгіртіп, ашық тұрған есік арқылы телефонды алып, белгісіз бағытқа ізін суытқан.

Қаскүнемнің әрекеті бейнекамералар арқылы тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оны ұстады. Күдікті — 51 жастағы ер адам — өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол ұрлаған ұялы телефонды "Артем" сауда үйі маңында бейтаныс жолаушыға сатып жіберген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қалалық полиция департаменті тұрғындарды сақтыққа шақырады: бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, көліктің есіктерін мұқият жабу – мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру