Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада колония аумағына тыйым салынған зат өткізбек болған ер адам анықталды

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың қолдануға тыйым салынған заттарын мекемеге кіруін тоқтатты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған Т-ға., әкелген сәлемдемені тексеру барысында, палау салынған ыдысқа айлалы тәсілмен жасырылған телефон табылып, сондай-ақ спиртпен толтырылған 4 апельсин жемісін мекеме аумағына кіргізуге жол берілмей, тәркіленді.

Осы дерек бойынша режим бөлімінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалды шешім қабылдау жөнінде материал сотқа жолданды. Жеткізушіге  10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе ескерту берілуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру