Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада компьютерлік клубтың меңгерушісі 1,5 млн теңгеден астам ақшаны иемденіп кеткен

Астанада компьютерлік клубтың меңгерушісі 1,5 млн теңгеден астам ақшаны иемденіп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері компьютерлік клубтың кассасынан ақша ұрлады деген күдікпен 20 жастағы жас жігітті анықтады.

Белгілі болғандай, клуб әкімшісі ақшаның кемдігін біліп, бірден полицияға хабарлаған. Тергеу барысында полицейлер жас жігіттің жарты жылдан астам уақыт бұрын компьютерлік клубтың меңгерушісі болып жұмысқа орналасқанын анықтаған. Ол жұмыс істеген уақытында оңтайлы сәтті пайдаланып, кассадағы ақшаны өз иелігіне алып отырған. Сөйтіп 6 ай ішінде өз қалауы бойынша 1,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп үлгерген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру