Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген немесе болу және еңбек қызметі шарттарын бұзған шетелдік азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, көші-қон бақылауы барысында Федеративтік Нигерия Республикасының 40 жастағы азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде оның елордадағы жеке фитнес-залдардың бірінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылық үшін шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін тиісті шаралар қабылданды. Сот шешімімен құқық бұзушы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.

Полиция көші-қон заңнамасын бұзғаны және шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартқаны үшін айыппұл және ел аумағынан шығару секілді өзге де жауапкершілік шаралары көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру