Астанада курьер тапсырысты жедел жеткізу үшін бөтеннің велосипедін заңсыз иемденген
Астанада курьер тапсырысты жедел жеткізу үшін бөтеннің велосипедін заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр аудандық полиция қызметкерлері велосипед ұрлауға қатысы бар курьерді анықтады.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, түнгі уақытта тұрғын үйдің аумағынан велосипедінің із-түссіз қолды болғанын айтып, 200 мың теңге көлемінде шығын келтіргенін жеткізген.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы жігіттің курьер болып қосымша жұмыс істегенін, ұрланған велосипедті жеке мақсатына пайдаланбақ болғанын анықтаған.
Белгілі болғандай, жедел қызметтің сақшылары тұрғын үйге кіреберістегі бейнежазбаны қарап, одан күдіктінің кім екенін анықтай алуға мүмкіндік алған.
Құрықталған жігіт кінәсін мойындап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.