Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада лифтіде қажетін өтеген адам қамауға алынды

Астанада лифтіде қажетін өтеген адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы Есіл ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің атына елорда тұрғынынан құқық бұзушылықтарға жедел ден қою фактісі бойынша алғыс келіп түсті.

Instagram әлеуметтік желілері арқылы жолдаған алғыс хатында әйел өзінің қызметтік міндеттеріне деген адал қарым-қатынасы үшін учаскелік полиция инспекторлары Жұлдыз Михин мен Еркебұлан Молдашевқа үлкен құрмет пен алғыс білдіреді.

Сағат 14.30 шамасында сол жағалаудағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары мас адамның лифтіде мұқтаждығын орындап жатқанына куә болып, “102” арнасына қоңырау шалған. Оқиға орнына дереу полицейлер келіп, бұзақыны алып кеткен.

Тәртіп бұзушы пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жалдамалы жұмысшы болып шықты.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты полиция ҚР ӘҚБтК 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ер адам 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынған адамдар үшін Арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру