Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада мопед ұрлығы жедел ашылды

Астанада мопед ұрлығы жедел ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы қызметкерлері мопед ұрлығы дерегін "ізін суытпай" ашты. Тергеу барысында 17 жастағы жасөспірім тұрғын үй ауласында қараусыз қалған ақ түсті М-8 мопедін ұрлап кеткені анықталды.

Мопед иесі Есіл ауданының криминалдық полиция бөліміне жүгініп, келтірілген материалдық шығынның көлемі 270 мың теңгені құрағанын хабарлаған.

Оқиға орны маңындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият талдау нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны дереу ұстады. Күдікті өз қылмысын мойындады. Ұрланған мопед тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің өзге де осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция тұрғындарды қырағы болуға, жеке мүлікті қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ көліктерге қосымша қауіпсіздік құралдарын орнатуға шақырады. Сонымен қатар бейнебақылау жүйелерінің құқық бұзушылықтардың алдын алуда және оларды дер кезінде ашуда маңызды рөл атқаратынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру