Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ойын клубына ұрлыққа түскен күдікті құрықталды

Астанада полиция қызметкерлері ойын клубынан ірі көлемде мүлік ұрлаған күдіктіні анықтап, ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті аталған ойын клубында 2 жыл бойы әкімші болып жұмыс істеген. Сенімге кірген ол клубтан 8 PlayStation ойын құрылғысы мен бір теледидарды жасырын түрде ұрлап, кейін оларды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 720 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру