Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ойын құрылғысын заңсыз иемденген күдікті анықталды

Астанада ойын құрылғысын заңсыз иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша полицияға арызданған. Тергеу барысында, жәбірленуші компьютерлік қлубтардың бірінен "Sony PlayStation 5" ойын приставкасын еркін қол жеткізу жолымен жасырын түрде алып кеткен.

Нұра ауданы полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 24 жасар ер адамды анықтады. Келтірілген шығын 860 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың ұқсас айла-тәсілмен бірнеше елордадағы сауда үйлерінде ұрлық жасағаны белгілі болды.

Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдеме тәркіленді.

Полиция азаматтарға қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру