Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада оқушылар мен студенттерге киберқауіпсіздік бойынша дәрістер өткізілді

Астанада оқушылар мен студенттерге киберқауіпсіздік бойынша дәрістер өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері киберқылмыстың алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.

Осы орайда №32 мектептің оқушыларына, Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Сервис және туризм колледжінің студенттеріне арнайы дәрістер оқылды.

Полицейлер жастарға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, әлеуметтік желілерде жиі кездесетін алаяқтық түрлеріне тоқталды. Сондай-ақ жеке деректерді қорғау тәсілдері мен кибербуллингтің алдын алу жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Дәріс барысында күнделікті өмірден алынған нақты мысалдар келтіріліп, виртуалды кеңістіктегі қауіп-қатерлердің салдары көрсетілді.

Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері мұндай шаралардың басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды интернеттегі заңсыз әрекеттерден қорғау және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру