Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада оқушылар қызметтік иттердің жұмысын тамашалады

Астанада оқушылар қызметтік иттердің жұмысын тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды есірткі қылмысымен байланысты заңсыз әрекеттерге тартудан қорғау – полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда осы есірткі қылмысымен күрес туралы айтқан болатын.

Жасөспірімдерді есіткі қылмысынан сақтау мақсатында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері елордалық № 69 гимназия және № 70 лицей оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл жиынға бірінші рет ІІМ кинологиялық қызметінің қатысуымен өткізілді.

Кинолог-мамандар есірткі трафигімен күресуде қызметтік иттердің жұмысы туралы айтты. Есірткінің жасырын белгілерін анықтау бойынша төрт аяқты көмекшілердің жұмысын көрсетті.

Оқушыларға есірткі мен психотроптық заттарды тұтынудың зияны, оның денсаулық үшін ауыр салдары туралы бейнеролик көрсетілді. Мұндай іс-шаралар барлық өңірде ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру