Астанада омниканалды қабылдау жүйесі арқылы түскен шағым бойынша шара қолданылды
Астанада омниканалды қабылдау жүйесі арқылы түскен шағым бойынша шара қолданылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада азаматтардың өтініштерін қабылдаудың жаңа форматы – омниканалды қабылдау жүйесі тиімділігін көрсетіп келеді. Жоба аясында тұрғындар полицияға түрлі байланыс арналары арқылы жүгініп, өзекті мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік алуда.
Аталмыш жүйе арқылы жыл басынан бастап 6 мыңнан астам өтініш қабылданды.
Өтініштердің басым бөлігі заманауи сервистер - чат-бот, Egov порталы, Kaspi және Halyk қосымшалары арқылы, Telegram арқылы келіп түсті.
Мәселен, Kaspi қосымшасы арқылы Түркістан көшесінде автокөліктің тратуарға қойылғаны және жолды жауып тастағаны жөнінде қала тұрғынының шағымы түсті. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, оқиға орнын тексерді. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Бұл омниканалды қабылдау жүйесінің азаматтардың құқықтары мен тыныштығын қорғауда тиімді құрал екенін айқындайды. Полиция департаменті тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият қарап, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
