Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада өткен екі спорттық турнирде полиция қызметкері топ жарды

Ақтауда қалалық полиция басқармасының тергеушісі Астанада өткен екі спорттық турнирде жүлделі орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтауда қалалық полиция басқармасының тергеушісі полиция лейтенанты Нұрбек Закарин Астанада өткен екі ірі республикалық спорттық жарыста топ жарып, бірінші орынға ие болды.

Бәрімбек Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясының түлегі Нұрбек Закарин қызметтік міндетін атқарумен қатар спорт саласында да жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Ол қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Кубогына арналған ашық республикалық турнирге Ішкі істер министрлігі атынан қатысып, 1 орын иеленді. Аталған жарысқа Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, "Динамо" спорт қоғамы және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің командалары қатысты.

Бұдан бөлек, Нұрбек Закарин Қазақстан Республикасының джиу-джитсу чемпионатына азаматтық қатысушы ретінде қатысып, өз салмақ дәрежесінде тағы да 1-орынға ие болды. Бұл оның кәсіби дайындықпен қатар, спорттық шеберлігінің де жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Полиция Нұрбек Нұркенұлын жеңістерімен құттықтай отырып, болашақта да қызмет пен спорттағы жетістіктерінің арта беруіне тілектестік білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру