Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада өткен спорттық турнирде полицейлер жүлделі орындар алды

Астанада өткен спорттық турнирде полицейлер жүлделі орындар алды,  – деп хабарлайды Рolisia.kz.

22-25 желтоқсан аралығында Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының Кубогына қоян-қолтық жекпе-жектен турнир өтті.

Жарысқа 250-ден астам спортшы қатысып, сынақ тек жеке есепте өткізілді. Турнирде ІІМ құрама командасы 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Өткізілген жекпе-жек қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлері 11 медаль жеңіп алды, оның ішінде 4 алтын, 5 күміс және 2 қола.

Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы Асқар Жұбандықұлы, Түркістан облысы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы Перизат Жақыпбекова, Астана қ. ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмаз Зейнуллов, Маңғыстау облысы ПД Ақтау қ. ПБ тергеушісі Нұрбек Закарин алтын медаль жеңіп алды.

Ал күміс медальдарді Қарағанды облысы ПД қызметкері Кирилл Литвиненко, Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Айжан Болат, Шымкент қаласы ПД Абай ауданы ПБ тергеушісі Ақжан Нұрғалиқызы, Алматы облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Жанар Дегенбай, Абай облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Мөлдір Бекболатова қанжығаларына байлады.

Жамбыл облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Талант Оралбаев мен Ақтөбе облысы ПД қызметкері  Нұрсұлтан Махметов қола медаль алды.

ІІО қызметкерлері спорт шеберлігі мен бәсекеге қабілетті екендерін көрсетті. Турнир нәтижелері таңдалған дайындық жүйесінің дұрыстығын және ІІМ құрамасының ведомствоаралық жарыстарда белсенді болуын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру