Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды

Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицияға 37 жастағы тұрғынның көлігін бейтаныс азаматтың заңсыз иемденіп алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, 36 жастағы азамат күндіз Әл-Фараби көшесінде Lada 21901 автокөлікті айдап кеткен. Ол көліктің есігі ашық, ал кілті салонында болғанын пайдаланып, еш кедергісіз иемденіп кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 2 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша автокөлікті ұрлау мақсатында емес, заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында күдіктінің бұрын да дәл осындай қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру