Елордада патрульдік полиция шетелдік жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Астанада патрульдік полиция шетелдік жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің патрульдік полиция мамандандырылған батальоны қызметкерлері елордада көлік басқаратын шетел азаматтары арасында профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары шетелдік жүргізушілерге ағылшын тілінде Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін, Астананың жол инфрақұрылымының ерекшеліктерін және жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдерін түсіндірді.
Шетелдік қонақтарға SafeTravel.kz платформасына апаратын QR-коды бар арнайы туристік карталар таратылды. Бұл — Қазақстанға келген азаматтарға арналған ресми ақпараттық және профилактикалық онлайн-ресурс.
Платформада мынадай мәліметтер ұсынылады:
туристерге арналған қауіпсіздік ережелері мен ұсынымдар;
пайдалы мобильді қосымшаларға сілтемелер;
жедел қызметтердің байланыс нөмірлері;
көші-қон заңнамасының талаптары;
қалалар картасы, ресми такси қызметтері және онлайн-сервистер тізімі;
байланыс операторлары туралы ақпарат;
төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі.
Бұл шаралар шетелдік азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол жағдайында дұрыс бағдар алуына және елордада қауіпсіз әрі жайлы болуына жағдай жасауға бағытталған.