Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицей 100 шақырымдық ультрамарафонда жүлделі орынға ие болды

Астанада өткен 100 шақырымдық ультрамарафонда ҚР ІІМ ДСМП аға инспекторы Дәурен Камалиев жалпы есепте екінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

6–8 маусым аралығында елордадағы Орталық саябақта 100 шақырымдық ультрамарафон өтті. Жүгіру сайысы Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы мен World Athletics халықаралық стандартына сай келетін ұзындығы 1020 метр болатын асфальт-резеңке жамылғысы бар шаңғы-роллер жолында ұйымдастырылды.

Қатысушыларға бұл экстремалды қашықтықты бағындыру үшін 15 сағат уақыт берілді.

Дәурен Камалиев мәре сызығын 13 сағат 14 минутта кесіп өтіп, жоғары нәтиже көрсетті және абсолюттік категорияда екінші орынды иеленді.

Бұл жетістік — тек спорттық нәтиже ғана емес, сонымен қатар ерік-жігердің, тәртіп пен төзімділіктің айқын көрінісі. Мұндай қасиеттер — күн сайын физикалық әрі моральдық сынақтарға төтеп беретін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби негізі.

Дәурен Камалиев әріптестеріне үлгі болып, адам мүмкіндігінің шегі — табандылық пен өз-өзіне деген сенімге байланысты екенін дәлелдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру