Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер аулада тұрған мопедтің автобөлшектерін ұрлап кеткен күдіктіні анықтады

Астанада полицейлер аулада тұрған мопедтің автобөлшектерін ұрлап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы жігітті анықтады.

Тергеу барысында жігіт түнгі уақытта Қошқарбаев көшесінде кетіп бара жатып, аулада тұрған өзінікіндей мопедті байқағаны белгілі болды. Қылмыстық пиғылмен көлікке келіп, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, ол М-7 мопедінің бөлшегін шешіп алып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде, заңды өкілдеріне тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру