Астанада полицейлер бейнекамералардың көмегімен ұрыны анықтады
Астанада полицейлер бейнекамералардың көмегімен ұрыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны, түнгі уақытта тұрғын үйдің кіреберісінің алдында велосипедтің қараусыз қалдырылғанын пайдаланып, ұрлық жасаған.
Ұрланған мүліктің құны 95 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, полиция қызметкерлері бейнекамерлардың көмегімен 23 жастағы жас қызды анықтады. Ол ұрлаған велосипедті ломбардқа өткізген.
Полицейлер ұрланған велосипедті тәркілеп, иесіне қайтарды.
Ұрлық бойынша жас қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды.