Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер дүкендегі ұрлықты әшкереледі

Астана қаласындағы дүкендердің бірінде болған ұрлық оқиғасы полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен бейнебақылау камераларының көмегімен әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ер адам дүкенге еркін кіріп, сатып алушылардың бірінің әмиянын жасырын түрде ұрлап кеткен. Әмиян ішінде 120 мың теңге болған.

Белгілі болғандай, жәбірленуші сөмкесін банкомат маңына қалдырып, дүкеннен тауар алып жатқан сәтте, күдікті сол мүмкіндікті пайдаланып, сөмкенің ішіндегі әмиянды алып кеткен.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қысқа уақыт ішінде анықталып, ұсталды. Ұрланған ақша жәбірленушіге толық көлемде қайтарылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті тұрғындарға қырағылық танытып, жеке заттарын назардан тыс қалдырмауды ескертеді. Сауда орталықтарында, дүкендер мен адамдар көп жиналатын орындарда жеке мүліктің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру