Астанада полицейлер ер адамды құтқарды
Астанада полицейлер ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды. 54 жастағы ер адам көпқабатты үйдің төбесіне көтеріліп, төмен секірмек болған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Олжас Байсариев пен Мәди Раев шұғыл әрекет етіп, төбеге көтерілді де, ер адамды қауіпті жерден тартып алып, балконнан түсірді. Олардың батыл қимылының арқасында ер адам аман қалып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Бұл оқиға тәртіп сақшыларының жеделдігі мен кәсібилігінің, сондай-ақ адам өміріне деген жанқиярлық жауапкершілігінің айқын көрінісі болды.