Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер интернет-алаяқтықпен күрес бойынша дәріс өткізді

Астанада кибер қылмысқа қарсы күрес басқармасы интернет-алаяқтықпен күрес бойынша дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция департаментінің кибер қылмысқа қарсы күрес басқармасы “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ қызметкерлеріне арналған дәріс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – интернет алаяқтықтың алдын алу және ақпараттық қауіпсіздік саласында қызметкерлердің сауаттылығын арттыру.

Дәріс барысында басқарма мамандары алаяқтықтың таралған түрлері – фишингтік сайттар, жалған интернет-дүкендер, банктік деректерді ұрлау, әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық және басқа да киберқылмыс тәсілдері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар қатысушыларға қауіпті сілтемелерді тану жолдары, күмәнді хаттар мен хабарламалардан сақтану әдістері, жеке және корпоративтік деректерді қорғау шаралары, алаяқтыққа тап болған жағдайда полицияға жүгіну тәртібі түсіндірілді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру