Астанада полицейлер көлікте каннабис майын сақтаған жүргізушіні ұстады
Астанада полицейлер көлікте каннабис майын сақтаған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада тәртіп сақшылары жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткі затын сақтау фактісін анықтады. Полицейлер елорданың жанармай бекеттерінің бірінде қарапайым тескеріс жүргізген. Тексеріс барысында полицейлер 23 жастағы жүргізушінің көлігінің алдыңғы жолаушылар орындығының астынан каннабис майын тауып тәркіледі.
Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция есірткі заттарын сақтау және айналымға енгізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
Тәртіп сақшылары осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізуде.