Астанада полицейлер көліктен ақша мен сағат ұрлаған ер адамды ұстады
Астанада полицейлер автокөліктен ақша мен қымбат сағат ұрлаған ер адамды “ізін суытпай” ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрақта тұрған күдікті құлыпталмаған жол талғамайтын көлікті байқап қалған. Жан-жағына көз жеткізгеннен кейін есікті ашып, бардачоктан қолма-қол ақша мен бағалы заттыалып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрлық сәті бейнежазбаға түсіп қалған.
Алынған жазбалар бойынша полицейлер күдіктінің жеке басын жедел анықтап, оны ұстады. Ол – бұған дейін де осындай қылмыстар жасағаны үшін сотты болған елордалық тұрғын екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция көлік иелеріне көліктің жабық тұрғанына көз жеткізуді және салонда ақша мен құнды заттарды қалдырмауды ескертеді. Ұқыптылық пен қарапайым сақтық шаралары жағымсыз жағдайлардың алдын алып, мүлікті қорғауға көмектеседі.