Астанада полицейлер күшейтілген қызмет нұсқасына ауысты
Астанада полицейлер күшейтілген қызмет нұсқасына ауысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полицейлер Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінің аумағында полиция қызметкерлерін жалпы гарнизондық қызмет орнына тарату жүргізілді. Тәртіп сақшыларының жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын Астана қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев тексерді. Сонымен қатар шараға ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының төрағасы Өмірзақ Болсамбеков қатысты.
Қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында мереке күндері халық көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздік шаралары қызмет көрсету бағыттары күшейтіледі.