Астанада полицейлер мыс кабелін қолды қылған күдіктілерді ұстады
Астанада полицейлер мыс кабелін қолды қылған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында салынып жатқан объектіден мыс кабелін ұрлады деген екі күдіктіні ұстады.
Полицияға ЖШС басшысы жүгініп, ұзындығы 100 метр мыс кабелінің ұрланғаны туралы хабарлаған. Бейнебақылауды қарап шыққаннан кейін жедел уәкілдер ұрлыққа қатысы бар екі жас жігітті анықтады. Күдіктілер ұрлықты алдын ала жоспарлаған, күндізгі уақытта күзетшілердің жоқтығын байқап, нысанға кіріп, кабельді көздеп кеткен. Кешке олар сол жерге оралып, кабельді алып кеткен. Ұрланған затты қабылдау пунктіне тапсырмас бұрын, олар оның құнын арттыру үшін оны балқытқан.
Тергеу барысында жедел уәкілдер ұрлық жасады деген күдіктілердің бірін жүрісінен танып қойған. Ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, ол аздап аяғын ақсап басатын болған.
Қазіргі уақытта күдіктілер мойындау көрсетпелерін берді, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдардың қала аумағындағы басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.