Астанада полицейлер педагогтарға профилактикалық дәріс өткізді
Астанада полицейлер педагогтарға профилактикалық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полиция қызметкерлері №100 орта мектептің педагогикалық ұжымымен профилактикалық кездесу өткізді. Дәріс барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндірді.
Әсіресе кәмелетке толмағандардың радикалды және экстремистік топтарға тартылуының мүмкін белгілеріне, сондай-ақ осындай жағдайлар анықталған кезде педагогтердің әрекет ету алгоритміне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы айтылды.
Жеке бөлім есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу мәселесіне арналды. Педагогтарға мұндай заттарды тарату немесе қолдану фактілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі түсіндірілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды ерте анықтаудың практикалық мәселелерін талқылады. Осындай кездесулер білім беру мекемелері қызметкерлерінің құқықтық сауатын арттыруға және мектеп оқушылары арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған.
