Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер пиццериядағы ұрлықтың бетін ашты

Астанада полицейлер пиццериядағы ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы аудандық полиция бөліміне 19 жастағы елорда тұрғыны арыз беріп, пиццериядан 112 мың теңге ұрланғанын хабарлаған.

Анықталғандай жәбірленуші бойжеткен пиццерияда жұмыс істейтін болған. Ол жұмыста жүргенде күртешесін гардеробта қалдырып кеткен. Біраз уақыттан кейін қыз ақшаның жоғалғанын байқап, тәртіп сақшыларына хабар берген.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған ұрлыққа жәбірленушінің 20 жастағы әріптесінің қатысы барын анықтаған. Белгілі болғандай бойжеткен бөтен ақшаны жымқырып, каспий банктегі жеке шотын толтырған.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, бойжеткеннің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру