Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер қалта ұрыларын ұстады

Елорданың қоғамдық орындарында қалта ұрлығымен айналысқан Солтүстік Қазақстан облысының 31 және 26 жастағы екі тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлық жасалған орындардың бірі – қоғамдық автобустар, онда қаскүнемдер ұялы телефондарды ұрлаған. Ұрлық қарабалас уақытта адамға лық толы автобустарда жасалған.

Қалта ұрылары №20 маршруттық автобус жолаушысынан Samsung A10 ұялы телефонын ұрлағаннан кейін ұсталды.

Бір күн бұрын күдіктілер «Тұран» мейрамханасы аялдамасында қыздың сыртқы киімінің қалтасынан құны 600 мың теңгеден асатын iPhone 12 Pro Max ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта ер адамдар қоғамдық көліктегі ұрлықтың бес эпизодына қатысты күдіктелуде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктілер кінәсін мойындады, олар ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында қаскүнемдердің бұрын тонау мен бопсалау үшін бірнеше рет сотталғандығы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру