Астанада полицейлер қоғамдық орында кальян шеккен азаматты анықтады
Елордада “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүзеге асыруда. Учаскелік полиция инспекторлары күн сайын өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара аясында бүгінгі күнге дейін шамамен 35 мың тұрғын үй аумағы қамтылып, 2 мыңнан астам рейдтік іс-шара сауда орындары мен ойын-сауық нысандарында өткізілді.
Осындай бір тексеріс барысында учаскелік полиция қызметкерлері қоғамдық орында кальян шегу дерегін анықтады. Бұл факті бойынша келушіге заңмен белгіленген тыйымды бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
