Астанада полицейлер қоғамдық орындарда қайыршылық жасау фактілерін анықтады
Астанада полицейлер қоғамдық орындарда қайыршылық жасау фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қоғамдық орындарда қайыр сұрап, азаматтарды әуреге салған көрші елдің 20-дан астам азаматын ұстады, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша полиция қызметкерлері рейд барысында қала базарының аумағында өтіп бара жатқан адамдарды мазалап, қайыршылықпен айналысқан 23 жастағы бойжеткенді анықтады. Шетелдік азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде елден кетуден жалтару бойынша 6 азамат республика аумағынан шығарылып, 4 шетелдікке айыппұл салынды. Жеке басын анықтау мақсатында 6 шетелдік азамат қабылдау орталығына орналастырылды.