Астанада полицейлер Республика күнін атап өтті
Астанада полицейлер Республика күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика күні қарсаңында Астана қаласы полиция департаментінде мерекелік концерт өтті. Департамент бастығы Марат Төлебаев жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, қызметінде ерекшеленген қызметкерлерге ведомстволық марапаттар табыстады.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жұмысындағы жоғары көрсеткіштері мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне қосқан үлестері үшін полицейлер "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен, ішкі істер министрінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ кейбір полиция қызметкерлері мерзімінен бұрын арнайы атақтарға және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Мемлекет басшысы өз жолдауында “Елде заң мен тәртіп үстемдік етуі тиіс — тек сонда ғана біз әділетті, адал әрі қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз” деген еді. Астана — өзге өңірлерге үлгі болатын қала. Күн сайын мыңдаған қонақтар мен туристер келетін елордада қызмет ету — ерекше жауапкершілік. Республика күні — бұл жай ғана мереке емес, әрқайсымызға ел алдындағы антымыз бен борышымызды еске салатын күн, — деп атап өтті Марат Төлебаев.
Ол өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге шынайы ризашылығын білдіріп, мықты денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби табыстар тіледі.
