Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер трансформатордан 30 метрге жуық мыс кабельді ұрлап кеткендерді қолға түсірді

Астанада трансформаторға заңсыз кіріп, мыс кабельдерін ұрлаған күдіктілер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Байқоңыр ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен астаналық екі жасөспірімді анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғаны, жастар Ақжол көшесінде орналасқан ЖШС мекемесінің трансформаторына келіп, құлпын бұзып ішке кірген. Қаскүнемдер 30 метрге жуық мыс кабелін алып шығып, оқиға орнынан іздерін суытқан.

Осылайша 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Кәмелетке толмаған екеуі ұрланған кабельді сатып үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жасөспірімдермен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды өз мүлкінің сақталуына сақ болуды, үй-жайларды сенімді құлыптармен және күзет дабылымен жабдықтауды ескертеді. Сонымен қатар ата-аналарға балалардың тәрбиесі мен жүрген жерін бақылауды, оларды кешкі уақытта жібермеуді ұсынады. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру