Астанада полицейлер ұрлық дерегіне қатысы бар күдіктілерді ұстады
Астанада полицейлер ұрлық дерегіне қатысы бар күдіктілерді ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаладағы ірі сауда үйлерінің бірінде ұрлық фактісі тіркелді. 30 жастағы ер адам дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, ескі күртесін шешіп, орнына жаңасын киіп, еш кедергісіз сауда орнынан шыққан. Кейін ол ұрланған күртені сатып жіберген.
Қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен әшкереленді. Жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкері күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Полиция қызметкерлері қонақүйде жігіттің ақшасын ұрлаған әйелді ұстады.
Сонымен қатар Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қонақүйде жасалған ұрлық фактісін ашты. Жедел-іздестіру шаралары барысында 42 жастағы күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші мен күдікті сол күні танысып, бірге дәмдес болған. Кейін олар қонақүйге барып,
бөлме жалдаған. Жәбірленушінің ұйықтап қалған сәтін пайдаланып, күдікті оның 314 мың теңге көлемінде ақшасын алып, бөлмеден шығып кеткен. Ұрланған ақшаға ол смартфон сатып алған.
Оқиғадан кейін Алматы аудандық криминалдық полицияқызметкерлері қонақүйдің бақылау камераларын тексеріп, күдіктінің жеке басын
анықтады. Тексеру барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті сол ауданның көшелерінің бірінде мас күйінде жүрген жерінен ұсталды. Соттың шешімімен ол 20тәулікке қамауға алынды.
Елордалық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында қаладағы мекемелердің бірінде шаруашылық жұмыскері ретінде жұмыс істейтін екі қызметкердің бірі екіншісінің алтын
бұйымдарын гардеробтан жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарласты. Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 55 жастағы күдікті ұсталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.