Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер жалпы қалалық сенбілікке қатысты

Астанада полицейлер жалпы қалалық сенбілікке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ қызметкерлері "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты кең ауқымды экологиялық акциясына қатысты.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарымен бірге қоғамдық аумақтар мен саябақтарды тазалауға шықты. Сенбілік барысында аулалар, тротуарлар мен жолдар қоқыс пен жапырақтардан тазартылды.

Тазалық пен тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Қаламызды абаттандыруға өз үлесімізді әрдайым қосуға дайынбыз, – деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру