Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер жанып жатқан автокөлікті сөндірді

Астанада полицейлер жанып жатқан автокөлікті сөндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында патрульдеу кезінде патрульдік полиция полкының қызметкерлері  Жандос Танлашев пен Тұрар Арап, жолдың қарсы бетінде техникалық ақау салдарынан өртке оранған сұр түсті автокөлікті байқап қалған.

Өртті көрген сәтте тәртіп сақшылары дереу бұрылып, оқиға орнына жеткен. Уақытты жоғалтпай, өрт сөндіргіштердің көмегімен жалынды ауыздықтауға кірісті. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді іс-әрекетінің арқасында оттың таралуына және ауыр зардаптардың туындауына жол берілмеді.

Автокөлік иесі 30 жастағы елорда тұрғыны көрсетілген дер кезіндегі көмек үшін полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Астана қаласы полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктің техникалық жағдайын тұрақты түрде тексеріп тұруды ескертеді. Бұл – жолдағы барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру