Астанада полицейлер жоғалған қарияны тауып, отбасына аман-есен табыстады
Астанада полицейлер жоғалған қарияны тауып, отбасына аман-есен табыстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаменті Алматы ауданы полиция басқармасының аудандық полиция бөлімі қызметкерлері есте сақтау қабілетін жоғалтқан қарияны тауып, оны туған-туыстарына аман-есен қайтарды.
Қария Нұрлыжол теміржол вокзалы маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылды.
Іздестіру ісіне Алматы ауданы полиция басқармасының АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Жақсымбет Ернұр, тергеу бөлімінің тергеушісі Айдын Советханов және жедел-криминалистикалық бөлімінің криминалисі Ислам Жасаров ат салысты.
Үйлесімді және кәсіби әрекеттердің нәтижесінде қарияның жеке басы анықталып, ол жақындарына қайтарылды.
Туыстары полицейлерге шынайы ризашылықтарын білдіріп, қиын сәтте нағыз адамгершілік пен жауапкершілік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыстары шексіз, туысының дін аман табылғанына қуанышты екендіктерін атап айтты.
Полиция азаматтарды жақындарына қамқор болуға, әсіресе егде жастағылардың қауіпсіздігіне назар аударуға шақырады.