Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер жоғалып кеткен жасөспірімді тауып, анасымен қайта қауыштырды

Астанада полицейлер жоғалып кеткен жасөспірімді тауып, анасымен қайта қауыштырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында үйінен кетіп қалған жасөспірімді тауып, аман-есен отбасына қайтарды.

Баланың анасы 102 жедел арнасына қоңырау шалып, денсаулығында ауытқуы бар баласы екеуінің арасында келіспеушілік болғаннан кейін оның үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция іздестіру жұмыстарын бастап, баланың жүрген жерін анықтауға бар күшін салды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жасөспірім Нұрлы жол теміржол вокзалы маңынан табылды. Полицейлер оның жағдайын тексеріп, ешқандай қауіп-қатер жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін анасымен қайта қауыштырды.

Кейін баланың анасы 102 жедел арнасына қайта хабарласып, жедел әрекет етіп, полиция жасағын шұғыл жіберген оператор  Толкын Жунусова мен патрульдік полиция полкінің аға инспекторлары Еркебұлан Оразалин және Асхат Қайырғалиевке кәсібилігі мен жеделдігі үшін зор алғысын
білдірді.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қандайда бір төтенше жағдай кезінде дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру