Астанада полицейлерді балағаттаған мас адам қамауға алынды
Астанада полицейлерді балағаттаған мас адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі уақытта «102» арнасына Абылай хан даңғылындағы үйдің тұрғындарынан үйдің ауласында мас күйдегі ер адамның айқайлап жатқаны туралы шақыру келіп түсті. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері кіреберістің жанында орындықта жатқан мас адамды көреді. Қызметкерлер құқық бұзушыны тыныштандыруға және жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізуге тырысқан, бірақ ер адам өзін агрессивті ұстап, қызметкерлерді балағаттаған.
Арнайы құралдарды қолдана отырып, жанжалқойды медициналық куәландыру үшін МӘОО-ға жеткізілді, нетижесі бойынша мас болудың жеңіл дәрежесі анықталды.
Полиция қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау фактісі бойынша 42 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен құқық бұзушы үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды.