Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлердің балалары патриоттық және отбасылық құндылықтарды бейнеледі

Астанада полицейлердің балалары патриоттық және отбасылық құндылықтарды бейнеледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Адал полицей" республикалық акциясы аясында Астана қаласы полиция департаменті ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары арасында "Менің әкем — менің мақтанышым" тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпақтың полицей мамандығына деген құрметін қалыптастыру, патриотизмді дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту және ішкі істер органдарындағы қызметтің беделін арттыру.

Байқау үлкен қызығушылық тудырып, ұйымдастырушылар шамамен 60 шығармашылық жұмысты қабылдады. Жас суретшілер өз туындыларында полицей мамандығына деген құрметін, әкелеріне деген мақтаныштарын және заң мен қоғамға қызмет етудің маңыздылығын бейнеледі. Жұмыстар шынайылығымен, идеялардың ерекшелігімен және көркемдік тәсілдердің алуан түрлілігімен ерекшеленді.

Қазылар алқасына осындай дарынды қатысушылардың арасынан үздіктерді анықтау оңай болған жоқ. Бағалау барысында тақырыпқа сәйкестік, көркемдік шеберлік және креативтілік ескерілді. Әрбір жұмыс баланың полиция мамандығына деген көзқарасын және отбасылық құндылықтардың маңызын өзінше жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар байқау комиссиясымен анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Жүлделі орын алған жұмыстар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жолданып, республикалық байқауға қатысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру