Астанада полиция 12 жүк көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен күдіктіні тапты
Астанада аккумулятор ұрлаған ұры үш жүк көлігін қозғалыссыз қалдырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір түннің ішінде елордада автокөлік ұрысы жүк көліктерінен 12 аккумулятор ұрлаған. Полицияға жүк көліктерінің иелері автокөлік бөлшектерінің ұрланғаны туралы арызданған.
Жәбірленушілердің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу олардың КамАЗ және ЗИЛ ЦСМ4503 көліктерінен жалпы құны шамамен бір миллион теңге тұратын аккумулятор батареяларын ұрлап кеткен. Сарайшык ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына дереу барып, тұрғындарды аралап, куәгерлерден жауап алған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы азамат ұсталды.
Ол көпқабатты үйдің ауласында кездейсоқ болып қалып, бірден алты жүк көлігін байқап қалғанын мойындады. Әр көліктен екі аккумулятордан шешіп алып, жалға алған көлікпен үйіне жеткізген. Алайда, оларды сатып үлгермеген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған аккумуляторлар иелеріне қайтарылды.
Құқық қорғау органдары азаматтарға қылмыстық әрекеттерден сақ болуға, өз мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Автокөліктің ұрлануы немесе бұзылуы жағдайында бірден 102 нөміріне хабарласу қажет.