Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция борышкерлермен жұмысты жалғастыруда

Астанада полиция борышкерлермен жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесе отырып, әкімшілік айыппұлдар мен өзге де берешектер бойынша нұсқамаларды мәжбүрлеп орындату шараларын жүйелі түрде қолға алуда.

Іс-шараның екі күні ішінде жалпы сомасы 25 млн теңгеден асатын қарызы бар 370-тен астам жүргізушіге ескерту жасалды. Нөмірлерді тану жүйесінің көмегімен патрульдік полиция борышы 3 млн теңгеден асатын автокөлік иесін анықтады. Қарыз толық өтелгенге дейін көлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция тұрғындарға ескерте отырып, жаза бұлжымайтындығы қағидатын қамтамасыз ету және қоғамда "нөлдік төзімділік" ұстанымын қалыптастыру мақсатында борышкерлермен жұмыс алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру