Астанада полиция футбол матчы кезінде бөлмеден ұрлық жасалған қылмысты ашты
Астанада полиция футбол матчы кезінде бөлмеден ұрлық жасалған қылмысты ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанадағы әуесқой футбол клубтарының бірінде матч барысында ер адам өзін ойыншы ретінде таныстырып кіріп, футболшылардың бірінің күрткесінің қалтасынан 250 мың теңге ұрлаған.
Полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, ақшасының жоғалғанын байқаған жәбірленушімен дәл уақытында шешінетін бөлмеден шыққан күдіктіні анықтады.
Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол ұрланған ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция азаматтарды бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ спорттық және өзге де ұйымдарды үй-жайларға кіруді қадағалауды күшейтіп, қауіпсіздік шараларын арттыруға шақырады.
