Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция киберқауіпсіздік бойынша ата-аналармен кездесу өткізді

Астанада полиция киберқауіпсіздік бойынша ата-аналармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері №32 орта мектептің ата-аналар комитетімен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында интернеттегі балалар қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды: интернет-алаяқтық, кибергигиена, сондай-ақ дропперлік үшін жауапкершілік - цифрлық аккаунттар мен деректерді заңсыз беру немесе сату.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға алаяқтықтың кең таралған схемалары, балалардың жеке ақпаратын қорғау тәсілдері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі қауіпсіздік баптаулары, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары туралы айтып берді.

Кездесу барысында ата-аналардың рөліне ерекше назар аударылды: олар балалардың бос уақытын бақылаушы ғана емес, сонымен қатар заманауи интернет-қатерлерден хабардар болуы тиіс.

Бұл балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін дер кезінде түсіндіріп, цифрлық ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Полиция ата-аналардың белсенді ұстанымы балаларды интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғауда және олардың цифрлық сауаттылығын арттыруда шешуші рөл атқаратынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру