Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция мен жедел жәрдем бірлескен акция бастады

Полиция азаматтарға жарық және дыбыс сигналдарын қосып келе жатқан жедел медициналық жәрдем көліктеріне және өзге де арнайы қызмет көліктеріне жол беру қажеттігін жүргізушілерге ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем станциясы арасында бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойылды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын күн сайын қамтамасыз ететін екі маңызды қызмет көлік жүргізу мәдениетін арттыру және жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін күш біріктіруде. Келісім аясында бірлескен акция басталып, полиция қызметкерлері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол беру қағидалары мен оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салады.

Полицияның айтуынша, жедел қызметтер азаматтарға ауыр халде көмек көрсету, өрттер мен қауіпті жағдайларға әрекет ету үшін шақыртуларға барады. Әрбір секунд маңызды, ал жолдағы кідіріс адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Жедел жәрдем және басқа да арнайы қызмет қызметкерлері жоғары жүктеме мен үнемі күйзеліс жағдайында тәулік бойы кезекшілік атқарады. Олардың қауіпсіз және кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету – әрбір жол қозғалысына қатысушының міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру