Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция өзгенің телефонын қолды қылған күдіктіні анықтады

Астанада полиция өзгенің телефонын қолды қылған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД іздеу бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жігіттің Тәуелсіздік даңғылындағы сауда ойын-сауық орталығына келгені белгілі болды. Аталған мекемеде орналасқан фуд-кортқа тамақтану үшін барған ол, көрші үстелде қараусыз жатқан телефонды байқаған. Гаджеттің иесі байқамай тұрғанын пайдаланып, күдікті қуат көзіне жалғанып тұрған Орро телефонын алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 64 мың теңгеге бағаланады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, жігіттің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру