Астанада полиция өзгенің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні анықтады
Астанада полиция өзгенің телефонын ұрлап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгісіз әйел адам AUDI 80 автокөлігінен SonyExperiaNote 5 телефонын жасырын ұрлағаны туралы арызбен полицияға жүгінген.
Жедел уәкілдер, әйел адамның таңертең қонақүйден шығып, таксиге отырғанын анықтады. Аталған орынға жеткен соң, көліктің жолаушы жағындағы есігі ашылмай қалған. Жүргізуші есікті сырттан ашу үшін көліктен шыққан сәтті пайдаланған күдікті, алдыңғы панельде тұрған телефонды ұрлаған. Келтірілген шығын мөлшері 500 мың теңге.
Күдікті камералардың көмегімен анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.