Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді

Астанада полиция құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ауқымды “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Полицияның мобильді топтары күн сайын әкімшілік учаскелер бойынша рейдтерге шығады. Іс-шара барысында олар пәтерлерді және аулаларды аралап, саяжай алқаптарын және өзге де аумақтарды тексереді. Негізгі назар іздеуде жүрген немесе құқық бұзушылыққа бейім адамдарды анықтауға, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жұмыс істеуге аударылған.

Рейдтердің нәтижесінде пробациялық бақылау талаптарының бұзылуы, қаруды сақтау ережелерінің сақталмауы, азот тотығын заңсыз сату, сондай-ақ 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімін өткізу фактілері анықталды. Әрбір құқық бұзушылық бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, кінәлілер жауапкершілікке тартылды.

Полиция атап өткендей, іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікке ықтимал қатерлерді анықтап, жою, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайту.

Мәселен, Нұра ауданында аумақты аралау барысында учаскелік инспектор азаматтық қаруды сақтау қағидаларын бұзу дерегін анықтады. Қару тәркіленіп, иесі жауапқа тартылды.

Сонымен қатар бірқатар аумақта полиция қызметкерлері заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегін тіркеді. Аталған азамат алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру